Қазнеттегі атышулы «жұлдыз» Айжан Байзақова жаңадан пластикалық ота жасатты. Бұл жол ол өзінің иегін түзетпек болыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
Бүгін Байзақова операциядан кейінгі суретін жүктеді.
Бұған қоса ол отадан соң болатын жағымсыз салдары жайлы жазыпты.Оның айтуынша, еріндері күп болып ісіп кеткен.
Еске салсақ, бұл бойжеткеннің бірінші мәрте жасаған операциясы емес. Бұған дейін ол кеудесі мен еріндерін үлкейту мақсатында пышаққа түскен болатын.