Фильмде журналистер лаңкес топтардың жас қыздарды Таяу Шығысқа келуге көндіру үшін қандай әрекетке баратынын, оларды қалай арбайтынын әлеуметтік желілердің көмегімен зерттеуге тырысады. Дәл осы себепті фильм экран форматында түсірілген.
Берлиндегі кинофестивальге 19 фильм қатысып жатыр. Осы жылдың қаңтар айында Бекмамбетовтың Search деп аталатын тағы бір туындысы АҚШ-та жыл сайын өтетін Sundance тәуелсіз кино фестивалінде марапаттар мен кең ауқымды халықаралық кепілдендірілген кинотеатр прокатына ие болған. Бірінші көрсетілімнен кейін-ақ Sony Pictures Worldwide Acquisitions компаниясы бес миллион доллар төлеу арқылы фильмді прокатқа алу құқығына ие болды.