Еліміздің басым бөлігіне тұман түседі - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігіне тұман түседі - Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігіне тұман түседі - Қазгидромет

 

  • 26 Ақпан 2018
  • 324
Фото - Caravan.kz

РМК 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Елдің кей жерлерінде жел күшейеді, бұрқасын соғып, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді. Жамбыл, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, бұрқасын болуы мүмкін.



 

Перейти к новостям спорта