Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлікте жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлікте жанып кетті

Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлікте жанып кетті

 Куәгерлер Алматы-Бішкек тасжолында өртеніп жатқан көлікті видеоға түсіріп алды. Көліктің жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенгені айтылады.

  • 26 Ақпан 2018
  • 213
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

"Алматы — Бішкек тасжолында екі көлік бетпе-бет соғысты. Жол апаты салдарынан бір көлік толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жайлы айтылмады", — делінген Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 26 ақпанда таңғы сағат 8-де Алматы облысы Отар ауылының маңында болған. Екі көлік соқтығысып қалған. Сондай-ақ, куәгерлер төтенше жағдайдан екі адамның қаза тапқанын айтады. Айтуларынша, өртенген көліктің ішіндегі адамдар қаза болды.
 

 

 

Соңғы жаңалықтар