Саясаткер: Үкіметтегілердің президенттің тапсырмасынан кейін қазақша сөйлегенін көргенде қаным қайнайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саясаткер: Үкіметтегілердің президенттің тапсырмасынан кейін қазақша сөйлегенін көргенде қаным қайнайды

Саясаткер: Үкіметтегілердің президенттің тапсырмасынан кейін қазақша сөйлегенін көргенде қаным қайнайды

Саясаткер Дос Көшім бұл үрдіс тоқтап қалмауы үшін, мемлекеттік тіл жөнінде жарлық шығуы керек дейді.

  • 28 Ақпан 2018
  • 145
Фото - Caravan.kz


Тұрғындарымыз қай тілде сөйлесе де өз құқы, ал мемлекеттік қызметкерлер ресми жиындар мен кездесулерде, есеп беруге шыққанда тек қазақ тілінде ғана сөйлеуге міндетті,-дейді ол, деп хабарлайды 31 арна.   

“30 жылдан кейін барып Президенттің осыны айтуы, осыны айтқызуға жеткізген солардың өзі – мемлекет қызметкерлер. Сондықтан шындығында да бұл үлкен ұят. Президенттің айтқанына байланысты сөйлеген деген сөзге менің өз басым, ішім бір қайнап кетеді. Себебі мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Оны сөйлеу және оны дамыту мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті”, – дейді сасаткер Дос Көшім.