ОҚО әкімдігі WhatsApp мессенджерінің тиімді тұстарын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО әкімдігі WhatsApp мессенджерінің тиімді тұстарын айтты

ОҚО әкімдігі WhatsApp мессенджерінің тиімді тұстарын айтты

Биылғы жылдың 8 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырмасымен әлеуметтік желі арқылы байланысты жақсарту үшін WhatsАpp мессенджері іске қосылған болатын. Бұл арқылы халық өзінің қойылған сұрақтарына тиімді, әрі уақыт жоғалтпай жауап алуда. 

  • 1 Наурыз 2018
  • 114
Фото - Caravan.kz

Бүгінде аталған байланыс түрі өзінің тиімділігін көрсете бастады. Қазірдің өзінде Whatsapp мессенджеріне тұрғындар тарапынан жалпы саны 208 сұрақ келіп түскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

208 сұрақтың 49-ына жауап беріліп, тиісті шаралар ұйымдастырылуда. Келіп түскен сұрақтардың басым көпшілігі инфрақұрылымдық мәселелер туралы болып отыр. Атап айтсақ, 10 тұрғын табиғи газ, 7 тұрғын ауызсу, 34 азамат тұрғын үй кезегін, 10 азамат электр энергиясына қатысты мәселе айтып, шағымданған. Сондай-ақ, 24 азамат жол қиындығын көтерсе, 14 тұрғын қоғамдық көлікке қатысты, 12 азамат қоқыс мәселесі жөніндешағымын жеткізген.

Арыз-шағым түсіргендердің басым көпшілігі Шымкент қаласының тұрғындары. Келіп түскен 208 сұрақтың 137-сі облыс орталығының тұрғындарына тиесілі болса, екінші орында 8 сауал жолдаған Төлеби ауданының тұрғындары тұр.


Бүгінгі таңда келіп түскен өтініштерді салалық басқармалардан құрылған жұмысшы топ назарға алып, нәтижесін өтініш берушіге жолдауға дайындау үстінде.

Еске сала кетсек, облыс тұрғындары арыз-шағымдары бойынша мына көрсетілген+ 7 702 198 53 23 ұялы телефон нөміріне тіркелген WhatsApp Messenger-ге сауалдарын жолдауын аболады.