Әлеуметтік желіде қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуын тыю үшін күрес жүргізіп жатқан жігіттерге енді қыздар да жауап бере бастады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
Қазақ жігіттері қаракөздерді әсіресе қытайлықтардан сақтандыруға тырысуда. Өкінішке орай өз ұлтының ер-азаматтарына ауыр сөздер айтып жатқандар жетіп артылады. Мәселен фейсбуктегі "Жұрт не демейді" тобында Айдана Кенжеғалиева есімді бойжеткен қазақ жігіттері жатып ішер жалқау, ақша таппайды. Қытайлар сияқты еңбекқор болсаңдар ешқандай нәзік жан қытай асып кетпес еді деген мағында айыптаулар таққан.
Бұл желідегі оқырмандардың әсіресе жігіттер қауымының ашу-ызасын туғызды.