Головкин "Канелоны" жеңетініне сенімді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин "Канелоны" жеңетініне сенімді

Головкин "Канелоны" жеңетініне сенімді

5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

  • 2 Наурыз 2018
  • 668
Фото - Caravan.kz


рта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші жекпе-жек туралы пікір білдірді. Ол енді өзін басқаша ұстайтынын айтады.

"Маған бокстағы бизнес ұнамайды, сол үшін де мен енді жекпе-жекті сату үшін күлмеймін. Басты мақсатым — чемпиондық белбеулерімді сақтап, жеңіліссіз қалу. Мен басымдылыққа ие боламын және бұл жолы айқын көрінетін болады. "Канелоны" нокаутқа түсіруді қалаймын, бірақ әдейі емес, себебі мен былай-ақ жеңемін", — деп жазады sports.yahoo.com Головкиннің сөзін.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин — Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.