Баян Алагөзова «Махаббат бекеті-2» фильмінде басты рөлде кімнің ойнайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзова «Махаббат бекеті-2» фильмінде басты рөлде кімнің ойнайтынын айтты

Баян Алагөзова «Махаббат бекеті-2» фильмінде басты рөлде кімнің ойнайтынын айтты

Таяуда ғана «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіретіні туралы ресми түрде хабарлаған Баян, бүгінде актерлық құрамды да ойластырып жатыр. Продюсердің сөзінше, әйгілі картинада өз қызы Айсәуле Бақытбектің де бой көрсетуі мүмкін екен.

  • 3 Наурыз 2018
  • 905
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы НТК арнасы хабарлады.

Баянның тұңғышы үшін түсірілім алаңы таңсық емес. Айсәуле анасының жобаларында талай мәрте бой көрсеткен. Ал 22 жастағы ару «Махаббат бекетінің» екінші бөліміне түсуге ниет білдірсе, қатаң талаптардан сүрінбей өткен үміткерді продюсердің қабылдауға қарсылығы жоқ.

— Менің ойымша Айсәулені кастингке шақырып, «Махаббат бекеті-2» фильміне түсуге мүмкіндік беруге болады. Неге бағын сынап көрмеске?! Бірақ, бұл картинаға менің қызым түссе, тамыр-таныстыққа жол бергендей ой туады. Сондықтан, кәсіби актрисаның ойнағаны дұрыс сияқты.

Сондай-ақ, Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалинаның да ұлы мектебіндегі белсенді балалардың бірі екен. Актерлер отбасында дүниеге келген Сұлтан, кейін ата-анасының жолын қуса, таң қалмаңыз!,- деді Баян Алагөзова.