Қазақстанда төтенше жағдаймен күресуге қанша ақша жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда төтенше жағдаймен күресуге қанша ақша жұмсалады

Қазақстанда төтенше жағдаймен күресуге қанша ақша жұмсалады

2018 жылы республикалық бюджеттен төтенше жағдайларға қатысты шығындарға 121,10 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

  • 4 Наурыз 2018
  • 158
Фото - Caravan.kz

«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес «Әділет» ақпараттық-құқықтың жүйесіне жарияланған мәліметтерде бұл салаға үш жылда 357,57 млрд теңге бөлінеді делінген.

Осыған орай төтенше жағдаймен күрес саласына жұмсалатын республикалық бюджет шығындары біртіндеп азая бастайды. 2019 жылы 118,44 млрд теңге, 2020 жылы 118,03 млрд теңге бөлінеді.

Ең көп шығын көлемі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ұйымдарға, қылмыстық атқарушы жүйелерге, табиғи және техногенді сипаттағы апаттарды алдын алу және жоюға 2018 жылы 70,28 млрд теңге жұмсалмақ (2019 жылы 70,27 млрд теңге, 2020 жылы 70,39 млрд теңге).

2018 жылы «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында қызметтерді ұйымдастыру» заңы бойынша 45,64 млрд теңге бөлінеді (2019 жылы 42,99 млрд теңге, 2020 жылы 42,31 млрд теңге).


Үшінші бапта әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелеріне, төтенше жағдайда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету туралы айтылған. Бұл бап бойынша 2018 жылы 5,17 млрд теңге бөлінеді (2019 жылы 5,17 млрд теңге, 2020 жылы 5,33 млрд теңге).