Бір кездері жесір әйелмен секс әңгіме жүргізіп аты шыққан Абдулла Бақадыр бұл жолы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын бір сілкіп алды. Caravan.kz медиа-порталы дінтанушының бұдан бөлек тоқал мен сақал мәселесі туралы пікірлерін жариялауды жөн көрді.
— Елімізде жаңа дін министрлігі құрылғалы бері жақсы өзгерістер болып жатыр. Әйтпесе мына діни басқарма түк те бітіріп жатқан жоқ. Олардың 90 пайызы дүмшелер. Қазір мына салафиттер, сопылар қыздардың барлығын бүлдіріп бітті. Өздері неке қияды да, өздері талақ қылып, мүлдем қасиеттен кетіп қалды.Сондықтан министрлік жаңадан заң қабылдады, яғни АХАЖ-да (ЗАГС) тіркеуі болмаса, мешітте неке қимайды. Қиған адам жазаланады.
Сол себепті қазір тоқал алу мәселесі өте үлкен проблема. Ал бірақ шынымен-ақ алам деген адам алады. ЗАГС-тегі де, некең де керегі жоқ.
Себебі, бір біріне сенген адам құдай алдында уәде берсе, бір бірінен ажырамайтын болса, онда молданың неке қиғаны көк тиынға да қажеті жоқ. Ол әншейін халықтың алдында белгілі болу үшін жасалған нәрсе. Ал күйеуі екінші әйел алып, бала шағасын бәрін асырап қарайтын болса, ондай неке құдайдың алдында қиылған неке болып есептеледі.
Біз уәдені құдайдың алдында береміз, адамның алдында емес, молданың алдында емес. Ол әйелмен сөйлескен менмін! Жесір әйелмен секс жайлы сөйлескен Абдулла Бақадыр бар шындықты айтты
Онда зина емес пе деген сұрақ туындайды. Мен бұрын да айттым, түсіндірдім. Мына Кеңес одағы кезінде, молданың жоқ кезінде АХАЖ арқылы үйленді. Ол жерде неке қиылған жоқ. Сонда олардың бәрі зина бола ма? Олардан туған балалар қоғамдағы үлкендер зинадан туған бола ма?
Сондықтан бұл дәстүр, мұсылмандықтың дәстүрі. Дәстүр мен парызды шариғатта қатаң талап етілген нәрседен ажырата білу керек.Мұны талай жерде айтып жүрмін. Біздің молдалар дін мен дәстүрді ажырата алмайды. Арабтың дәстүрін әкеліп тықпалап жатыр. Содан кейін ғой қазір халықтың басы айналып қалды.
Әсіресе мына сақал жіберіп, балақ қысқартып жүргендердің ойлау қабілеті жоқ. Халықтың арасында наразылық туымас үшін ондай нәрселерді дұрыстап түсіндіру керек. Оған бірен сараны болмаса көбісінің шамасы жетпейді. Тіпті білімді дегеннің өзі бүлдіріп жатыр. Өткенде әне қатынды сабау керек депті біреуі. Әйелді арабтарда ғой кішкене адам ретінде төмен санайды.
Исламда әйелдің дережесі төмен, еркек одан жоғары деген мәселе жоқ. Адамзаттың бәрі бірдей исламда. Сондықтан негізінен бастау керек, дінді түсіну үшін дұрыстап бастау керек. Ислам діні — ол арабтың діні емес, пайғамбардың діні емес. Дін – бір құдайдікі, жаратушынікі
— Жақында сақал мен балаққа қатысты ереже шықты. Яғни, сақал қысқа болу керек деген. Оған не айтасыз?
— Негізі сақал деген мәселе дінде жоқ. Оны сүннет дейді, біреулер парызға дейін шығарып жіберген. Дін туралы түсінігі жоқ адамдар аузына келген небір нәрсені айта береді. Ал сақал дінге байланысты емес. Мысалы Мұхаммед пайғамбар 40 жасында пайғамбарлыққа келді. Оған дейін оның сақалы бар еді ғой. Діннің жол Әбулахад. Оның да сақалы болған, ол да шапан киген. Ол да сәлде ораған еді арабтың дәстүрлі киімі бойынша. Бірақ пайғамбарлық Әбулахатқа түскен жоқ, Мұхаммед пайғамбарға түсті ғой. Ол не үшін түсті? Әрине, көркем мінезі, әділеттелігі, адамгершілік рухының биіктігі үшін түсті. Араб халқын жөндеу үшін, жахиде дәуірінде надан, қызды тірідей көмген нағыз қараңғы халықты жөндеу үшін түсті пайғамбар. Сондықтан арабқа еретін, көкірегін көтеретін түгі де жоқ.
Құдай біреу деген пенденің бәрі мұсылман болып есептеледі. Барлық пайғамбарлар мұсылманбыз деген. Жесір әйелге порно жіберіп, секс жайлы сөз қозғаған атышулы дінтанушы Абдулла Бақадыр кім?
Азаннан кешке дейін мешіттен шықпайтындар бар құдайдан тіленіп. Жалқау, масыл. Көпшілікке де, қоғамға да пайдасы жоқ. Мемлекетке де пайдасы жоқ, өзінің қара басына да пайдасы жоқ. Сондай арамтамақтар көбейіп бара жатыр.Соның бәрін кім жеткізді. Дүмше молдалар жеткізді, сопылар жеткізді.
Бір сопы мақтанады үш әйелім бар деп жұмыс істемеймін дейді. Сен еркек емес езсің дедім. Үш қатынның үстінен күн көріп жүрген қандай еркексің. Бұл мұсылманға жат нәрсе ғой. Оны әлгі түсінбйді, сақыл болса қауғадай. Оның сақалының көк тиынға қажеті жоқ.
Сақал деген адамның денесіне шығатын жүн. Біреуге шығады, біреуге шықпайды. Мысалы Индонезия деген ең мұсылманы көп ел. 280 млн адам тұрады. Оларда сақал шықпайды. Қытай, кәрістер де шықпайды.
Мына кавказдықтарда тұтас жүн басып кетеді денелерінің бәрін. Сонда не олардың мұсылмандығы артық деген сөз бе? Жоқ олай емес.
— Иә, бірақ бұл жерде мәселе, вахабистер суфистер немесе шолақ балақтылармен күрестің бір жолы ретінде қабылдап жатқан шығар. Дегенмен одан нәтиже шығады деп ойлайсыз ба?
— Бұл жерде министрліктің ойлап жатқаны ақылмен шешу. Өзбекстан сияқты басынан балтамен шауып жатқан жоқ. Сақалдыларды жертөлеге тығып алып, сақалын сыпырып жатқан жоқ. Бізде санамен күрес, сананы өзгерту керек. Сақалда тұрған түкте жоқ. Сақалы өскен сайын мұсылмандығым күшті деп өзінше мақтанатын ақылы шолақтар көп, әсіресе жастардың ішінде. Терроризм, экстремизмнің бәрі солардан шығып жатыр. Мұның артында үлкен мәселе жатыр. Дін деген өте нәзік нәрсе.
Құранның бес алты аятын жаттап алып, нан табу жолына айналдырып алғандар бар.Себебі жұмыс істемейді, ел ішінде құрметті. Құран оқиды. Молдеке деп құрметтейді.Төрдің төбесіне отырғызып қояды. Соған өзі де мәз болады.
Жамандағаным емес 15 жыл араларында жүрдік ғой, талай қылықтарын көрдім. Мешіттің ішінде төбелескендері де болған. Ажыратқан кездерім де болды. Әлі де бар ғой ондайлар. Қазір енді құдайға шүкір жастар көбейіп келеді. Көзі ашық, түсінігі бар, логикасы бар.