Ақтауда Жантурин атындағы театр ғимаратында екі әйел өзара жанжал шығарды, деп жазды "Лада".
Олар Н.Жантурин атындағы музыкалық драма театрдың көрермендер залында бет жыртысқан және төбелесі видеоға түсіп қалды.
Кадрда әйелдер бір-бірінің шашынан тартып, жұлқылап, балағат сөздер айтып жатқаны байқалады. .
Театр басшылығы жанжалға кішкентай баланың абайсызда әекінші әйелдің аяғын басып кетуі себеп болғанын айтты. Мекеме әкімшілігі драма театрда бұған дейін көрермендер арасында төбелес болмағанын мәлімдеді.
Басшылықтың айтуынша, тоғызыншы және оныншы наурызда үлкен зал Мәскеу балалар циркіне жалға берілген.
Ұқсас тақырыптар:
Алматыда қыздардың еркекше тепкілесі жұрттың жағасын ұстатты