Қазақ қызына үйленген орыс жігіті: Қазақтың тілін, дәстүрін қатты құрметтеймін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қызына үйленген орыс жігіті: Қазақтың тілін, дәстүрін қатты құрметтеймін

Қазақ қызына үйленген орыс жігіті: Қазақтың тілін, дәстүрін қатты құрметтеймін

Астаналық жас жұбайлар Олег Рябченко мен Айкен Нұралы өздерінің отбасы тарихымен бөлісті. Болашақтарын тек қазақ елімен  байланыстыратын білімді ерлі-зайыптылар, қызметтік жоғары мансапқа қол жеткізген. Былтыр шілде айында шаңырақ көтерген орыс жігіті мен қазақ қызы баянды махаббаттары туралы баяндап берді.

  • 12 Наурыз 2018
  • 1760
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Мен тілшімін, қазір ақпарат және коммуникация министрлігінде қызмет істеймін. Ал жұбайым консалтингтік компанияда заңгер. Біз 2010 жылы студент шағымызда таныстық. Екеуміз де түрлі пікірталастарға белсенді қатысып жүретінбіз. Сол уақытта ол да, менде Астана қаласынла білім алсақ та, нақты танысу шығыс пікірталастарының турнирінде болды. Бастапқыда біз пікірталасқа түсетін серіктес, кейін жақын дос болып кеттік. Шамамен бір жылдан соң бір-бірімізге деген ерекше сезім оянды. Ал 2011 жылдың маусымынан бастап ғашықтар ретінде кездесе бастадық»,-дейді Олег.

Достықтың жалғасаы үлкен махаббатқа ұласқаннан ба, әйтеуір жас жұбайлар бірінші достықты бағалаймыз, дейді. Ерлі-зайыптылар бұған дейін пікірталасқа түсіп тұрғандықтан, өмірге деген көзқарастары да бір үдеден шығады.

Олегтің айтуынша, оның жанұясы қазақ қызы Айкенді қуана қабылдаған екен. Әжесінің көңілінен шыққан қыз, жаңа отбасына тез сіңісіп кеткен.

Алайда Айкеннің отбасы орыс жігітін бірден қабылдамаған. Қыздың анасына Олегті күйеу баласы ретінде қабылдау үшін ұзақ уақыт керек болған. Кейін Айкеннің туыстары олардың махаббаттарының шынайы екенініне көздері жетіп, келісім беріпті.


Екі жақтың батасын алған ғашықтар үйлену тойларын ойдағыдай өткізген. Олардың тойлары қазақтың қалыптасып қалған қағидалары сияқты емес, заманауи дәстүрде болды. Жас-жұбайлар мерекелік салтанатты қаланың сыртында, жақын достардың ортасында атап өткен.

Отбасында екі тілде сөйлейтін орыс жігіті қазақ тілін қатты құрметтеймін, дейді.

«Қазақтың тілін, дәстүрін қатты құрметтеймін. Мемлекеттік тілімізде еркін сөйлегім келеді. Күнде таксиде, дүкенде, үйде қазақша сөйлеуге тырысамын. Кейбір қазақ достарыма қарағанда, мемлекеттік тілде жақсы сөйлеп, түсінемін»,-дейді Олег.