ОҚО-да мектеп оқушылары 7 жасар баланы зорлап келген деп айыпталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да мектеп оқушылары 7 жасар баланы зорлап келген деп айыпталып жатыр

ОҚО-да мектеп оқушылары 7 жасар баланы зорлап келген деп айыпталып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар баланы ұрып-соғып, зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

  • 13 Наурыз 2018
  • 176
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сарыағаш ауданындағы жасы кәмелетке толмаған 7 жасар балаға қатысты мектеп оқушылары ұрғаны және зорланғаны жөніндегі дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен Сарыағаш аудандық ІІБ ПБ қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық істің тергеуіне қатысты қалған мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан, жариялануға жатпайды. Істің тергелуі ОҚО ІІД басшылығының жеке бақылауында», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген» деген ақпарат тараған болатын. Жас баланың әжесі құзырлы органдарға арызданғанымен, бұл жайтқа қатысты тергеу шаралары жүргізілмегенін айтып шағымданған еді.


Оқи отырыңыз:

6 жасар қызды зорлау дерегі бойынша тергеу басталды

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды