ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды делінген жеті жасар баланың ісіне қатысты жоғары шенді шенеуніктер жұмыстан қуылды. Бұл туралы бүгін отырыс барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 15 Наурыз 2018
  • 148
Фото - Caravan.kz

"Сарыағаш аудандық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бердалы Оразгелдиев қызметінен босатылды. ІІД басшысының бұйрығымен мектеп инспекторы Нариман Жұмабаев қызметінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасарына қатаң ескерту жасалды. Сарыағаш ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Облыстық білім бөлімінің басшысы Истай Сағындықовқа сөгіс жарияланды", — деп мәлімдеді облыс әкімі.

Сондай-ақ, №73 және №74 мектеп директорларының уақытша қызметтерінен босатылғаны айтылады.

Мұның алдында зорланды делінген баланың Астанаға жіберілгені айтылған болатын.

Бүгін, 15 наурызда облыс әкімінің төрағалығымен Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы мектептерде болған жағдай бойынща отырыс өтіп жатыр.

ОҚО әкімі барлық тексеріс жұмыстары аяқталған соң нәтижесін көрсететіндерін айтты.

"Бұл процесте біраз қателік кетті. Қазір біз жұмыс тобын құрдық. БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін осы іске араласуға шақырамыз", — деді Жансейіт Түймебаев.

Осыған дейін ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиеваның зорлық көрді делінген оқушы баламен кездескені хабарланған болатын. Бәлиеваның айтуынша, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау мақсатында тергеуші балаға ешкімнің де қандай да бір сұрақ қоя алмайтын қаулы шығарған.


Еске салайық, Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған. Кейін TVK мәліметінше, ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда күдіктілер немесе ұсталып, қамалғандар жайлы ешқандай мәлімет түспеді. Артынша білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сараптама қорытындысы оқушы баланың зорланғанын растағанын хабарлаған.