Балабақша бағасы ең қымбат қала – Астана - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балабақша бағасы ең қымбат қала – Астана

Балабақша бағасы ең қымбат қала – Астана

Бұдан былай балабақшадағы бір күннің бағасы – 814 теңге. Балабақшалар мен баланы дамыту орталықтарының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6 пайыз қымбаттады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтер көлемі 13 пайыз өсті.

  • 15 Наурыз 2018
  • 164
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2017 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың саны 9,8 мың болып, 2016 жылмен салыстырғанда 4 пайыз көбейді. 2017 жылы балалардың балабақшаға орналасуын қамту 100 орынға 96,1 баладан болды. Ал 2016 жылы 100 орынға 106,1 баладан болған.

Балалардың балабақшаға бару саны 862,3 мың болып, 6,8 пайыз өсті.

Балабақша бағасы ең қымбат қала – Астана. Елордада балабақшаның бір күні үшін 1862 теңге төленеді. Бір жылда балабақша бағасы 7,6 пайыз өскен. Балабақша бағасының қымбатталығы бойыншаекінші, үшінші орында Алматы, Шымкент қалалары тұр.

Оқи отырыңыз:

Айгүл Иманбаева: "Мен Алтынайға әйел бақытын тілеймін!"

Шымкенттік күйеуден Құдай сақтасын – Баян Алагөзова

Әли Оқапов анасының тегінен не себепті бас тартқанын түсіндірді