Аружан Саин: 7 жасар баланың анасымен кездестім - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аружан Саин: 7 жасар баланың анасымен кездестім

Аружан Саин: 7 жасар баланың анасымен кездестім

Қоғам белсендісі Аружан Саин ОҚО-дағы 7 жасар баланың анасымен кездескені туралы айтты. Алматыда жұмыс істеп, отбасын асырап жүрген әйел бала құқықтары жөніндегі уәкіл  Балиевамен сөйлескенін білмейтін болып шықты.

  • 16 Наурыз 2018
  • 160
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлады.

Аружан Саинның айтуынша, анасы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиевамен сөйлескенін білмейді.

«Біз кеше кездестік. Әйел біз арқылы туыстарының телефонына қоңырау шалды, бірақ сөндірулі болды. Баланың әжесінің халыққа рақмет айтқан видеосын көргеннен кейін, бейнежазбадағы сөздерге сенбейтінін атты», – дейді ол.

Қоғам белсендісінің айтуынша, баланың анасы Астанаға барар жолда немесе сонда жетті. Зорландым деп отырған баланың анасы тек әділ сараптама болғанын қалайды.

«Отбасының жалғыз қамқоршысы осы анасы. Олар, шын мәнінде оралмандар. Әжесі жұмысқа орналаса алмапты. Және бұл отбасының бір мүшесінің мүмкіндігі шектеулі. Әйел өзінің сауаты аз екенін мойындады. 8-сыныптан бастап жұмыс істеген, дәретхана, ыдыс  жуған.  Қазір ол қоғамдық тамақтану мамандығын меңгеріп, жақсы жұмысқа орналасқан. Ол өз күнін өзі көріп жүр», – деді Аружан Саин баланың анасы туралы.

Бұдан бұрын, бала құқықтары жөніндегі уәкіл  Балиева баланың анасымен хабарласа алмай отырғанын айтқан еді.


“Анасын бірнеше күннен бері біз де таба алмай жүрміз. Ұлы да, тәтесі де хабарласты, алайда ол телефонды көтермейді. Мен не болып жатқанын білмеймін”, — деген еді Балиева Астанадағы баспасөз конференциясында.

Осыдан кейін Балиева баланың анасын сағынғанын айтып, әйелдің байланыс телефонын тек бірнеше күннен кейін ғана тауып, сөйлескенін мәлімдеді.

“Өзімді таныстырып, балаға көмектескіміз келетінін, оның қасында болу үшін Астанаға келе алатынын айттым. Алайда ол “менде ақша жоқ” деді. Біз одан “билетті сатып алып береміз, тек келсеңіз болды” деп өтіндік. Одан кейін онымен хабарласа алмадық, бұл соңғы әңгімеміз болды”, — деген еді бала құқықтары жөніндегі уәкіл .