Бұл туралы белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Ол өзінің парақшасында былай деген:
Егер Ресейдегі президент сайлауында Путин жеңіліс тапса, онда Қазақстанға не болады
Ресейде негізгі күрес Путиннің президенттікке өтуімен басталады.Навальный бұл сайлауды заңды емес деп бағалады. Ресей орыстары Путиннің империялық саясатын қолдайды, бірақ орыстардың тұрмысы төмендей береді. Сондықтан империалық пиғылдан орыстың көңілі қалады да шәршайды. Сондықтан ұлттық азшылықтар: шешен , ингуш, башқұрттар, татар енді егемендікке ұмтылады. Батыс мемлекеттер бірлестігі — АҚШ пен Европалық Одақ экономикалық, технологиялық, персоналдық (олигархтарға, Путиннің сыбайластары) санкциялармен қыссып, ал халық іштен қысқанда Путин режимі құламаса да әлсірейді. Әлсірей берген Ресей бізге шабуыл жасамас, ал жасаса , өзіне соққы болады. Ресей оппозициялық топтары мен жеке қарсы персоналары қарсылық райынан қайтқан жоқ.
Еске саласқа, өткен жексенбіде Ресейде кезекті президент сайлауы өтті. Дауыс беру бойынша бірнеше үміткердің арасынан қазіргі президенті Владимир Путин көш бастап тұр. Бұған Путинді жеңісімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтады
Ұқсас тақырыптар: