Қазақстанда қанша адам қазақ тілін біледі? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қанша адам қазақ тілін біледі?

Қазақстанда қанша адам қазақ тілін біледі?

Қазақстандықтардың 80 пайызынан көбі мемлекеттік тілді біледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

  • 27 Наурыз 2018
  • 119
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Халықтың мемлекеттік тілді игеруі жөнінде жүргізілген жыл сайынғы зерттеудің қорытындысына сәйкес, 2017 жылғы жағдай бойынша халықтың 83,1 пайызы мемлекеттік тілді біледі. Ал үш тілді игерген ересектердің үлесі — 22,3 пайыз", — деді министр.

Сондай-ақ, министр Қазақстандағы мемлекеттік тілде жүргізілетін құжат айналымының үлесі 92 пайыз екенін айтты. Ал қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі 72 пайыз екен.

"Республикада мемлекеттік тілді оқытатын 89 өңірлік орталық бар. 2017 жылы орталықтардағы мемлекеттік тілді үйрену курстарынан 58,3 мыңнан аса адам өтті", — деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оқи отырыңыз:


Жауапқа тартылмаса көшеге шығып бәрін боқтаймын — Байзақова Жан Ахмадиевті сынап тастады

Зілзаланың адам денсаулығына тигізетін зияны