Мәскеуден Бузованы іздеп жүрген Ерке Есмаханды желі қолданушылары сөгіп тастады, деп жазады Today.kz.
"Еріккеннен келді дейсіздер ме Мәскеуге?! Бузованы іздеп жүрмін, ертең таппасам қайтам", – деп әзілдеген Ерке Есмаханның сөзін түсінгендер де, түсінбегендер де табылды.
Әсіресе Ресейдің Кемерово қаласында болған жағдайдан кейін ес жия алмай жатқан жұрт әншіге тарпа бас салды.
"Ерке, еркеліктің жөні бар демекші, барлық қуанышты эмоцияңызды сақтағаныңыз жөн еді. Тіпті Бузованың өзі барлық жоспарларын шегеріп жатқанда, сіздің мына қылықтарыңыз ақылға қонымсыз болды-ау. Артық айтып жатсам айып етпеңіз. Сіз ақылына көркі сай қазақтың еркесі деп білуші едік… "Көршің соқыр болса, көзіңді қысып жүр" деуші еді дана халқымыз. Анасыз, әйелсіз. Алыста отырып көзге жас келіп жатқанда, сол елде жүріп сіздің мұныңыз қалай?" – деп жазды aigerim_jumagulova есімді қолданушы.
"Ақылды қызсың ғой, Бузовада нең бар? Бузова үш күннен бері қайғырып ешқандай сурет салмай отыр. Көрші елде не болып жатқанынан хабарың жоқ па әлде? Сені білемін қалжыңбас екеніңді, қазір қалжыңдайтын кез емес", – деді sat9160 атты тағы бір қолданушы.
Еркенің бұл жазбасын сан-саққа жүгірткендер арасында: "Бузовамен бірге ән жаздыруы да мүмкін" деп те болжап жатқандар бар.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде 75 миллионға жөнделген футбол алаңына тағы 17 миллион керек
Айгүл Иманбаева: “Интригаға толы” жаңа бейнебаяным қазақ көрермендер үшін ыңғайсыздау болуы мүмкін
Баян маған ақыл айтатын адам емес — Жан Ахмадиев