Қызылордада балаларына қарамаған әйел айыппұл төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.28
  • 587.06
-8 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада балаларына қарамаған әйел айыппұл төледі

Қызылордада балаларына қарамаған әйел айыппұл төледі

Сотта ол өз кінәсін мойындады.

  • 30 Наурыз 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған балаларына тиісті деңгейде қарамауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалардың анасы кәмелетке толмаған жеткіншектерді ұзақ уақытқа өзінің қарауынсыз қалдырған. Ол өзінің аналық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған.

Сотта ол өз кінәсін мойындады. Жауапсыз ананың кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен оған 11 785 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз:

"Жетісу" клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды

Сәкен Майғазиев есті ағайынды «есерсоқ» фото мен видео таратпауға шақырды