Қазақша Құттықтау - тілек: 15 Сәуір - Ғашықтар күні - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақша Құттықтау - тілек: 15 Сәуір - Ғашықтар күні

Қазақша Құттықтау - тілек: 15 Сәуір - Ғашықтар күні

Сәуірдің 15-не "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" ғашықтар күні.

  • 2 Сәуiр
  • 42288
Фото - Caravan.kz

Махабаттарыңыз мәңгілік болсын деген ниетпен ғашықтар күніне орай мынадай құттықтау-тілектер топтамасын ұсынамыз. 

Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! «Махаббат – дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» дейді Нұршайықов. Біз жеңіске бірге жетейік! Махаббат әрқашан аласармасын!

***

Шын сүйесiң бе? Онда сендердiң бірге қанша уақыт өткiзгендерiң маңызды емес, ол бәрiбiр саған аз боп көрiнедi. Таусылмайтын уақыттың өзеніне құяр сезім бұлағымыз да таусылмасын!

***

Махаббат пен сана бірін-бірі тыңдамайды, әрқайсысы тек өз дегенім ғана болсын дейді. Сіздерге санасы биік абзал жандардың махаббаты бұйырсын!

***

Сүйіктім, бұл – біздің мерекеміз! Бұл – ғашықтардың мерекесі! Бірақ біздің әр күніміз дәл осындай мереке! Жаным, ғашықтар мерекесі құтты болсын! Сені мәңгі сүйемін!

***

«Өмірдегі мақсатымыз ағыспен ағу емес, жағаны табу…» деген ғой. Менің махаббат жағалауым – өзіңсің! Өмір мені адастырмай, алаңдатпай өзіңді мәңгі сүюге, аялауға мүмкіндік берсін!

***

Сүйіктім, бүгін тек екеумізге ғана тәуелді мереке секілді сезіледі маған. Алайда өзіңнің қасыңда жүрген әр күнім – мен үшін мереке. Ғашықтар күні құтты болсын. Сені мәңгі сүйетініме куә болар мәңгілік ештеңе жоқ. Тек, қашан қара жерге енгенше қасыңда болсам екен. Сүйем сені!

***

Ғашықтар күні құтты болсын. Білесің бе? Менің кеудемдегі махаббат қанша тереңдеген сайын, сенің тұлғаң көңілімде соншама биіктей берді. Махаббатымызға адалдық пен биіктікті нәсіп етсін! Бір-бірімізге деген ғашықтығымызды мәңгілік, сүйіспеншілігімізді шексіз еткей!

***

Саған хат жазып құттықтайтын осынау бір күннің болғаны – мен үшін шексіз қуаныш
. Мен бұл күні ешқашан айта алмаған сөзімді, жүрегімнің лүпілін айтуға міндеттімін. Өйткені, бұл – менің мерекем. «Өзіңе шын жүректен ғашықпын!». (Әр таң атқан сайын саған амандық тілейтін, сағынатын, аңсайтын жаннан сәлем).

***

Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! Маған табиғат ана әлемдегі ең сұлу, ең сүйкімді аруды сыйлағаны үшін қалай алғыс айтарымды білмеймін. Бірақ, саған ең терең сүйіспеншілікті, ең кіршіксіз махаббатымды арнай аламын. Менің қолымнан осыдан өзге дүние келер ме екен?! Өзіңді шексіз сүйемін!

***

Өзіңе дәл қай күннен бастап ғашық болғанымды білмеймін. Әйтеуір жүрегіме бірте-бірте ендің де, мызғымастай боп орын алдың. Сол үшін де саған жүрегімді ұсынған сәтімді әлі күнге білмеймін. Міне, енді жақсы болды. Ғашықтар күні! Жүрегіме мәңгілік махаббаттың ескерткішін орнатқан күн ретінде қабылдаймын. Мен әр жылы осы күнді өзіңмен бірге тойлағым келеді. Мерекеміз құтты болсын, сүйіктім.
***

Ұқсас тақырыптар:

Туған күнге арналған құттықтау тілектер

Қайрат Нұртастың орындауындағы "Жүрегіңнен бір орын бер" әнінің сөзі