Forbes Kazakhstan және Ratel.kz редакцияларында тінту шаралары жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Forbes Kazakhstan және Ratel.kz редакцияларында тінту шаралары жүріп жатыр

Forbes Kazakhstan және Ratel.kz редакцияларында тінту шаралары жүріп жатыр

Forbes Kazakhstan журналының редакциясында тінту шаралары жүріп жатыр.

  • 2 Сәуiр 2018
  • 240
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Facebook желісінде басылымның бас редакторы Асқар Аукенов жазды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Журнал кеңсесінде тінту жүріп жатыр. Бұл шараларды Алматы ІІД қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олар қаулыны көрсетті. Себебін айта алмаймын, тіпті ненің аясында екенін де білмейміз. Редакция бұл жайлы білмйді. Қандай да бір сотқа дейінгі тергеудің басталған-басталмағаны ескертілмеді. Кенеттен болып отырған жағдай. Заңгерлер жұмыс істеп жатыр, қаулының көшірмесін алып жатыр, сонда ғана не болып жатқанын түсінеміз", — деді Forbes.kz сайтының бас редакторы Анастасия Новикова.

Сонымен қатар, соңғы мәліметтер бойынша, Ratel.kz интернет-басылымының редакциясында да тінту жүріп жатыр. "Қазір редакцияда емеспін. Маған телефондардың жауап бермейтінін хабарлады. Бір қызметкерге хабарласа алдым, алайда ол да ештеңе түсіндіре алмады. Тінту жүріп жатыр", — деп хабарлады Ratel.kz журналисі Вадим Борейко.

Кейбір мәліметтер бойынша, Forbes Kazakhstan басылымының бір қызметкері ұсталған.


 

У нас идет обыск

Posted by Askar Aukenov on Sunday, April 1, 2018

Оқи отырыңыз:

Синоптиктер күннің қашан жылынатынын айтты

Екі азаматтығы бар қазақстандық үлкен көлемде айыппұл төлейтін болды