Оралда 57 жастағы әйел «Нива» авто­көлігін сүй­реп, елді таң қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда 57 жастағы әйел «Нива» авто­көлігін сүй­реп, елді таң қалдырды

Оралда 57 жастағы әйел «Нива» авто­көлігін сүй­реп, елді таң қалдырды

Әйелдер – нәзік жара­тыл­ған жандар. Олардың бойында ер-азаматтардай күш-қуат жоқ дейміз. Осы ой-пікіріміздің өзі кейбір жағдайларда тым бір­­жақты айтылатындай көрі­не­ді.

  • 3 Сәуiр 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұған Ойыл ауданында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар шеңберінде «Нива» авто­көлігін сүй­реу­ден әйелдер ара­сында өткі­зіл­ген сайыс нақ­ты дәлел бола алады, деп жазды egemen.kz

Бұл же­ңіл авто­көліктер санатына кір­генімен, салмағы әжептәуір еке­ні екінің біріне белгілі. Со­ған қарамастан аталған ай­рықша бәсеке кезінде оған қатысқан әйелдер ер-аза­маттардың бойынан табы­ла бермейтін күш-жігер көр­сет­ке­ні көпшіліктің ерекше қы­зы­ғушылығы мен ықыласын туғызды. Атап айтқанда Мадина Нұрмағамбетова, Нұржанат Қаумешова және Гүлбақыт Жұмағазина сынды әйел-аналар «Ниваны» он метр жерге дейін сүйреп жеткізді. Міне, күш-қайрат қайда деп үлкенді-кішінің бәрі бұған сүйіспеншілік танытып тұрған кезде «Ниваны» сүйреу кезегі зейнет жасындағы көп ба­лалы ана, Ақшатау ауы­лы­ның тұрғыны Қанзибаш Нұрғазинаға келді. Ол бірден автокөлікті бейне бір қол шанадай зырылдатып алға қарай сүйреп ала жөнелді. 57 жастағы күш-қайраты мен ерік-жігері мол егде әйелдің бұл іс-әрекеті жұрттың бәрін таңғалдырды. Бұл «Нива» кө­лігін сүйреуден сайысқа тү­с­кен әйелдер арасындағы қай­та­ланбас ең жоғары көрсеткіш деп бағаланды. Мұны Гиннес­тің рекордтар кітабына жазу керек деп тарқасты нағыз нар қызға тән өнер көрсеткен жасы ұлғайған ананың шалт қимылына риза болғандар.

 

Оқи отырыңыз:

Мұхтар Шаханов жас келіншекпен көңілдес деген әңгіме шындық па?
Өлдіге санаған қарындасы 20 жылдан соң Ақмолада тұратын ағасына қоңырау соқты
Ашхабадта "Қазақстан ұнын" сатқандарды тергеп-тексеріп жатыр