Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген тележүргізушінің қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген тележүргізушінің қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті

Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген тележүргізушінің қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті

Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген тележүргізушінің ажалдан аман қалған қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті Ақтөбеде көпқабатты үйдің лифтінде тележурналист әйел қаза тапты. Айзат Әбдісаматтың аяғы жеделсаты есігіне қысылып, төмен сүйреп кеткен.

  • 6 Сәуiр 2018
  • 72
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Марқұмның 3 жасар қызы анасының қиналған сәтін көзімен көріпті. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы оқиға болған лифтіге қарауға жүрегің дауламайды. 28 жастағы Айзаттың қалай оған қыстырылып қалғанын жақындары да түсінбей отыр. Бір аяғы лифт кабинасы мен табалдырығы арасындағы қуысқа кіріп кетіпті. Лифт қозғалып оны төмен сүйреп әкеткен.

“Тросы үзілмеген дейді. Негізі жартылай істеп тұрған лифт. Бала бірақ ілініп қалды дейді. Қай жаққа ілініп қалды, білмейміз. Лифт сүйреп әкеткен келіншектің бірден көп жұмыпты. Ал кабина ішінде үш жасар қызы болған”, – дейді марқұмның ағасы Ысқақ Қарашолақов.

“Жедел жәрдем жеткенде келіншек көз жұмған. Қасында кішкентай қызы жылап отырды. Бүлдіршін шошынып қалған. Бас жарақатын алыпты. Оны балалар ауруханасына жеткіздік. Ал келіншектің аман қалуы мүмкін емес еді. Себебі қан тамырларының барлығы үзілген. Лифтінің шахтасымен есік жақтауының арасында сүйретілген”, – деді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Панақызы.

Осы үйдің лифтісін бақылауға алған компания басшылары өздеріне шаң жуытпайды. Жеделсатыны жақында ғана жаңартқандарын айтып отыр.

“Лифт үзіліп кеткен жоқ. Былтыр ғана жаңадан орнаттық. Ал осыдан 5 күн бұрын сымдарын ауыстырғанбыз. Бір жұма жақсы жұмыс істеп тұрды. Бұзылған да жоқ”, – деді «Жаңабек Сервис» ПИК төрағасы Кенен Жаңабеков.

Қазір ішкі істер департаментінің қызметкерлері қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде. Олар кінәлілірді анықтайтын болады.


“Қазіргі таңда ҚР ҚК 278 бабы 2 бөлігі бойынша сапасыз құрылыс кесірінен адам өліміне әкеліп соқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды және бірнеше сараптама тағайындалды”, – деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қайғылы оқиғадан кейін лифтіні мамандар майыстырып ашқан. Қазір есігі опырайып ашық тұр. Қауіпсіздік үшін тек қана мына сары лентадан өзге ешқандай қоршау қойылмапты. Қаза тапқан Айзат Әбдісамат жергілікті телеарнада жұмыс істейді. Таңғы және балалар бағдарламасын жүргізеді екен. Қазір бала күтіміне байланысты демалыста үйінде отырған.

Оқи отырыңыз:

WBC президенті тағы да "Канелоны" қорғаштады

Қазақстандық режиссер Африкада бейнебаян түсірді

«Мені жабылып ұрғанда аядың ба»? Қазақ жігіттері бір-бірін аяусыз соққыға жықты