Бағлан «Жігіттер» тобының 15 — жылдығына орай, халқымен естеліктерін бөлісіп, кітап жазамын, дейді әнші инстаграм парақшасында.
"Студент кезім… Сабаққа қалмай келгенмен Ердос пен Еркіннің корпусына жиі баратынмын. Олар филология факультетінде оқиды. Бірде Еркін екеуміз "Алтын ана" кафесіне кіріп, ойламаған жерден музыкант болып жұмыс жасайтын болдық… Кешкісін екі домбырамызды көтеріп, кафеге келдік. Аппаратура бәрі бар, тек дискет жоқ. Сол күні Нұрекеңе (Еспанов) телефон соғып, дискі жазып беруін өтіндік. Нұрекең: -"Е, жігіттер, е. Менде әндердің бабелласы бар ғой, е "алло" десеңдер болды ғой, е" — деп ақ-жарқын ағамыз келісе кетті. Дискет дайын болғанша Еркін екеуміз билейтін кафеде домбырамен ән айтып отырдық)) Мен сол кезде микрафон ұстап минуспен ән айтуды толық үйрендім. "Сенің көзің" хит бола бастаған кез. Ойбой, минусын табу деген сұмдық еді ғой. Қай музыкантта сол запись бар, сол крутой! Күнде сол жерде жүріп кафеде кәдімгі музыкант боп шыға келдік. Музыкант ағаларамыз арасында ән айтуға шақырып тұратын. Рауан ағамыз бір жиында Нурикамалды айтып тұрсам: — Ән біткен соң сөйлесейік — деп сыбырлап кетті. — Ия, аға жәй ма? Не сұрайын деп едіңіз — дедім.
— Мына аппарат менікі, "Иулчи" деген кафеге музыкант керек, жұмыс істейсің бе? — деп тосыннан ұсыныс тастады.
— "Ия, аға" — деп келісе кеттім. Әр әннен 200 теңге алып, таң атқанша қырғын ақша табатын жұмыстан кім бас тартсын?!) Түнімен жұмыс, азанда сабақ қызығымен қиындығы күндер басталды… Арасында кафеден соң жиі кездесіп тұратынбыз. Айдар «На севере « кафесінде әнші. Сөзін білмеген әндерді өзі шығарып ұра беретін. ☺️ Орыстар көп жиналатын жер. Әдемі дауыс, сүйкімді баланың сөзіне аса мән бере бермейтін. Айдардың қызығы да жетерлік, ол бөлек әңгіме…) Жалпы солай болған Жігіттер де. Енді, кітап жазам. Толық сол жерден оқисыздар! «Жігіттер» тобының 15 — жылдық тойына дайын боп қалу керек."
Оқи отырыңыз:
WBC президенті тағы да "Канелоны" қорғаштады
Қазақстандық режиссер Африкада бейнебаян түсірді
«Мені жабылып ұрғанда аядың ба»? Қазақ жігіттері бір-бірін аяусыз соққыға жықты