Ток шоуға қонаққа келген қыздар алғашқы сұрақтан-ақ жығыла кетті. Олар Арал теңізі балықшыларына арнап жазылған «Қан мен тер» трилогиясының авторын сұрағанда үнсіз қалып, жұртты шошытты. Одан қалса, тағы да мектеп бағдарламасында жастанып оқитын «Ақбілек» романының авторын білмей састы.
Желі қолданушылары сұлулық байқауы тек сырт келбетке қарап сыналмауы керек деп пікір білдірді. Тіпті кейбірі «Бой түземестен бұрын, ой түзеп алыңдар» деп реніштерін білдірді.