Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын ұят санамайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын ұят санамайтынын айтты

Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын ұят санамайтынын айтты

Аша Матай өнер жолын әншіліктен бастады. Алайда бүгінде ол жеке әнші ретіндегі кәсібін тастап кеткен. Тек жары Арман Қоңырбаевпен дуэт айтады. Тележүргізушілікке түбегейлі бет бұрған ол не себепті кезінде ашық-шашық бейнебаяндарға түскенін түсіндірді.

  • 9 Сәуiр 2018
  • 117
Фото - Caravan.kz

Аша Матай “Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аша “Снова ты” бейнебаянына жартылай жалаңаш азаматтармен бірге түскенін мойындады.

“Бір емес, екі бірдей жігіт жартылай жалаңаш күйде болды. Бірақ ол кезде мұндай нәрселер ұят саналмайтын. Ол кезде жас болдым, бірақ қазір ол клипті көрген кезде оны әдепсіз деп санамаймын”, – дейді Аша.

Ұят деп санамағанымен, Аша ол шаққа қайта оралғысы келмейтінін атап өтті. Оның себебін тележұлдыз былай деп түсіндірді:

“Ол шақты сағынамын деп айта алмаймын. Себебі қазір тұрмыстамын және анамын, жасым да 30-ға жақындап қалды. Қазір ішімді, кіндігімді ашсам, біртүрлі болатын шығар. Иә, қазір де қысқа белдемше киемін, бірақ жалаңаштанбаймын. Ал ол кезде жасым небәрі 16-да болды”, – дейді Аша Матай.

Оқи отырыңыз:

Қара нәсілдімен бас қосқан қыз: Ол маған Қазақстан азаматтығына бола үйленген жоқ

Димаш операциядан шықты: Көпшілік әншінің денсаулығына алаңдап жатыр

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2 есеге өсті

Қостанайда жылқыларын зират маңына жайып жүрген азамат жазаланды