Дәрігерлер: Ақтөбеде автобусқа шабуылдан жараланған адамның жағдайы ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер: Ақтөбеде автобусқа шабуылдан жараланған адамның жағдайы ауыр

Дәрігерлер: Ақтөбеде автобусқа шабуылдан жараланған адамның жағдайы ауыр

Ақтөбе облысында өткен аптада шағын автобуста оқ атылған оқиғада жараланған Ресей азаматының халін дәрігерлер "ауыр, бірақ тұрақты" деп бағалап отыр.

  • 9 Сәуiр 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. 

"Ол жансақтау бөлімінде жатыр, есін біледі. Травматикалық шок жағдайынан шықты. Науқастың көкірегінің оң жақ тұсына бытыра тиіп, төртінші және бесінші қабырғасын зақымдаған, көкірек қуысына ауа және қан жиналған. Сүйегі, иығы мен білегін оқ тесіп өткен. Екінші, үшінші дәрежедегі травматикалық шок алған. Көп мөлшерде қан жоғалтқан. Жалпы жағдайы ауыр, тұрақты" деді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Гүлжанова.

6 сәуірге қараған түні Ақтөбе облысында белгісіз адамдар күре жол бойында тұрған, Ресейден Қырғызстанға бара жатқан қырғызстандық нөмірдегі микроавтобусқа шабуыл жасап, автобустан ақша мен әшекей бұйымдарын ұрлап алып кеткен. Шабуылдан автобус жолаушысы жараланғаны, жүргізушінің оқиға орнында болмағаны хабарланған. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті қарақшылық шабуыл фактісі бойынша тегеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Облыс прокуратурасы тергеуді бақылауға алғанын мәлімдеген.

Ақтөбе облысы аумағы арқылы күн сайына жүздеген транзиттік автобус пен көлік жүреді.


 

Ұқсас тақырыптар:

Қызылордада болған атыс камераға түсіп қалған
Талдықорғанда әскери қызметкер әріптесіне оқ атқан
Әкесі қытайға тиген қызын той үстінде атып тастаған