"Иә, Аллаһ, Сен жеңідеткеннен басқа ешбір жеңіл нәрсе жоқ, егер Сен қаласаң, бұл қиындықты да жеңілдетесің".
"Аллаһуммә лә сәһлә иллә мә жәғалтәһу сәһлән, уә әнтә тәжғалул хазнә изә шигта сәһлә!"
Күнаға ұрынып қалғанда:
Бізге жеткен хабар бойынша Пайғамбарымыз, салла Аллайһи уа сәлләм, айтты:
"Егер Аллаһтың құлдарының бірі қандай да бір күнә жасап қойса, тиесілі тәртіппен дәрет алсын, сосын екі рәкәғат намаз оқып, Аллаһтан кешірім сұрасын, Аллаһ Тағала оны міндетті түрде кешіреді".
Шарасыз халге тап болғанда:
"Қадәруллаһи уә мә шә-ә фәғал".
"Бұл Аллахһтың тағдыр етіп жазуымен, Ол нені қаласа, сол болады".