ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды

ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды

ШҚО Қатонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы Қараөзек учаскесінде қар суының еруі салдарынан далалық жолда геологиялық жарыққа ұқсас терең шұңқыр пайда болды.

  • 16 Сәуiр 2018
  • 183
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы altaynews.kz хабарлайды. 

Басылымның мәліметтері бойынша, шұңқырдың ұзындығы шамамен екі шақырым, көп бөлігінің тереңдігі 5-6 метрге дейін жетеді, ал ені 4-5 метр. "Осыдан бір ай бұрын ғана бұл жерде жол болды дегенге сену қиын. Ол жолмен ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлар, автокөліктер және жегін көліктері жүретін. Бұл жол "Жас қанат" шаруа қожалығының мал шаруашылық қыстауларын байланыстырып тұрған күре жол болатын", — делінген жарияланымда.

Басылымның мәліметінше, екі бульдозер шұңқырды астынан бастап күреп жатыр. Жол екі айда қалыпқа келтіріледі. 


Оқи отырыңыз:

Биыл қазақстандықтар айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады

Апталық жұлдызнама: 16-22 сәуір