Психологтар олардың ең басты бес қорқынышын атап көрсетеді:
1. Жұмысын жоғалту
Ер азаматтардың санасына отбасының асыраушысы ретіндегі ой сіңіп қалған. Қаржылық тұрақтылық пен әлеуметтік дәрежесі оның мәртебесін көтереді. Сол себепті де олар тұрақты жұмысынан айырылып, ақшасыз қалудан қорқады.
2. Жыныстық қатынастағы әлсіздік
Жыныстық қатынаста әлсіздігін сезу оларды уайымға салады. Бұл кезде күйгелектікке салынып, мазасы кетеді. Сол себепті де оған әлсіздігін бетіне баспай, мамандарға қаралу қажеттігін ақырын түсіндіру керек.
3. Әке болу
Қалыңдықтарының немесе келіншектерінің жоспардан тыс жүкті болып қалуынан ер азаматтардың 84%-ы қорқады екен. Олар бала туғаннан кейін еркіндігі мен тәуелсіздігінен айырылудан, мойындарына артылар жауапкершіліктен қорқады.
4. Үйлену
Көп ер азаматтар отбасын құруды тәуелсіздік пен еркіндіктен айырылу деп ұғады. Тіпті той қарсаңындағы әбігер де берекелерін алады.
5. Алдану
Сүйікті әйелінің көзіне шөп салғанын көп ер азамат кешірмейді. Тіпті келіншектері адал болса да, аз ғана күмәннің өзі оларды түн ұйқысынан айырады.
Ақпарат көзі: reactor.inform.kz
Оқи отырыңыз:
Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды
Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды
Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды