“Қарғаның көзін қарға шұқымайды” деген бар ғой. Бірақ, айтпасқа, салмасқа дәтім шыдамады!!! “Таңшолпан” бағдарламасына Астананың, мүмкін бүкіл елдің шығар, әйтеуір ең үздік оқушылар шақырылыпты. Ең үздік. Соңғы рет оқыған кітаптарың деген сұраққа қатқан үздіктің жауабы: “МаРжан Жұмабаевтың “Абай жолы”. Екі томын аяқтап, үшіншісін бастаудамын депті. Жарайды, мүмкін камера алдында бала ғой қателескен болар. Бірақ, бағдарлама жүргізушілері неге түземейді? Дүйім жұрттың алдында Мұхтар Әуезов дегің келген болар деп іліп әкететін реті еді-ау… Әлде олар да “Абай жолы” романын кім жазғанын ұмытты ма? Тікелей эфирде сасып қалды ма? Бірақ, “Абай жолын” оқымаған, одан қателесетін қазақ жоқ шығар, сірә… Мағжанды Маржан деуі бөлек әңгіме енді. Күлейін беғ жылайын ба?”, – деп жазады Гүлнәзия Мейірханқызыесімді журналист желіде.
“Толық көрдім. Тыңдадым!!! Бірақ түзеткенін естімедім. Сол МаРжан Жұмабаевтың Абай жолы деген кітабын оқып жатырмын дегенін де ақ, әу баста-ақ екі жүргізушінің бірі түзетуі керек еді. Бірақ, бетін сипалап бір-біріне қарап Абай, Абай жолы деп отырып қалды. Мендегі факт осы!!! Қобалжып тұр оқушы ғой деп сылтауратып тоқтатуы керектін. Жеке пікірім!!! Ол баланың бетін қағу емес. Керісінше… сосын оның да мәңгі есінде “Абай жолы” романының авторы қалатын еді… білімсіз, сауатсыз деген сөзден аулақпын!!! Іліп әкету жүргізушінің шеберлігіне байланысты…”.
“Жүргізушілер түзеу керек еді. Экран алдында қобалжуынан деп ойлаймын”, “Жылайын ба, күлейін бе? Сол үшін ырбиған, жырбиған əншілерді немесе түрі барларды емес сауатты кəсіби журналистерді отырғызу керек” – деп жазады желідегілер.