Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер жайлы айтты

Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер жайлы айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери және арнаулы атақтар мен шендерді тапсыру салтанатында отан қорғаушылар күнімен ер азаматтарды құттықтауды естен шығармау қажеттігін айтты.

  • 3 Мамыр 2018
  • 255
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлайды. 

"Отан қорғаушы күні ретінде 7 мамырды бекіттік. 1992 жылы дәл осы күні қазақтың қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойған болатынмын. Ер азаматтарды, отан қорғаушыларды біздің жұбайларымыздың, ата-аналарымыздың құттықтайтын күні дәл сол күн. Олардың есіне салып қоймасақ, кейде ұмытып кетеді", — деп әзілдеді президент марапаттау салтанатында.

Мемлекет басшысы әскери және арнаулы атақтар мен жоғарғы дәрежелі шендерді бүгін өз қолымен тапсырған әскерилерді құттықтап, игі тілегін айтты. 

"Ерен еңбектің арқасында ең жоғары дәрежелі генерал атағын алу үлкен қуаныш деп білемін. Осы қуаныштарыңыз құтты болсын!", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

«Атамекен» әнін өзге тілде тыңдап көрдіңіз бе?

"Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервис ашылды

Қазақша Құттықтау — тілек: 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні