Алматыда өртенген үйден 8 адам құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өртенген үйден 8 адам құтқарылды

Алматыда өртенген үйден 8 адам құтқарылды

Алматыда өртке оранған тұрғын үйден 8 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

  • 5 Мамыр 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Медеу ауданында Мұқағали Мақатаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түнгі 00:11-де түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жеткен. Олар тілсіз жаудың көрші пәтерлерге көшуіне жол бермеді. Жалын 00:26 минутта сөндіріліп, толықтай ауыздықталды. Оқыс оқиға салдарынан тұрғын үйден 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өртенген пәтердің үстіндегі қабаттан өрт сөндірушілер 8 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды.