Іштегі баласын қатігездікпен алдыртқан - Қытайда қамауда болған қазақ әйелі елге оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іштегі баласын қатігездікпен алдыртқан - Қытайда қамауда болған қазақ әйелі елге оралды

Іштегі баласын қатігездікпен алдыртқан - Қытайда қамауда болған қазақ әйелі елге оралды

Қытайлардың қыспағымен іштегі үш айлық баласын аборт жасатып алдыртып тастаған қазақ әйелі аман-есен елге оралды.

  • 14 Мамыр 2018
  • 381
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы хабарды Қытайда қамауда отырған қандастар үшін барын салып күресіп жүрген Қыдырәлі Оразұлы әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Шүйінші!!! Шүйінші!!!
Ассалаумағалейкум, Алаш баласы!
Біз осыдан 3 ай бұрын фейсбук, ютубта Аман Аңсаған деген бауырымыздың әйелін Қытай үкіметі әйелінің ішіндегі 3 айлық баласын қатігездікпен алдыртып(аборт) және жазықсыз мырза қамаққа қамап отырғаны туралы ақпарат таратқан едік. Және Аман Аңсағанның арызын Қазақстан Елбасына, Сыртқы істер министрлігіне және Біріккен Ұлттар Ұйымына жіберген едік.
Міне сол арыздың, видеолардың, жазбалардың нәтижесінде Аман Аңсағанның әйелі аман-есен Қазақстанға оралды, деп жазды Қыдырәлі Оразұлы.