Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлайды.
Астан уланып қалғандардың бірі – Астаналық ерлі-зайыпты. Олар Шаржыға балаларымен бірге демалуға барған. Отағасы Асылбек Мұхамбеткереевтің сөзінше, олар Араб Әмірліктеріне 8 мамырда келген. Ертесі күні таңғы ас ішкеннен кейін, өздерін жайсыз сезінген. Сол кезде қонақ үйде 600 турист демалып жатқан екен. Олардың жартысы – ТМД мемлекеттерінің азаматтары.
«Уланудың алғашқы белгілері 10 мамырда таңғы сағат 4:00 шамасында байқала бастады. Ресейлік отбасылардың бірі дәрігерлерді шақыртты. Оларды дәрігер тексеріп, парацетамол дәрісін берді.
Біз отбасымызбен таңертең дүкен аралауға кеттік. Сол кезде әлсіреп, жүрегіміз айнып, ішіміз ауыра бастады. Қонақ үйге келгеннен кейін бәрінің уланып қалғанын білдік. Қазақстаннан келген 40-50 шақты адам уланған. Жалпы саны Ресей, Украина, Беларусьтен келген 200 шақты адам уланып қалып отыр. Бұл тек бізге белгілі мәліметтер. Қанша шетелдік туристердің уланғанын білмейміз», – дейді Асылбек.
Оның сөзінше, уланғандардың күні сол күні таңертең құймақ, ірімшік пен піскен жұмыртқа жеген екен. Мұнан кейін бір аптаға демалуға келген ол сапар мерзімінің аяқталғанын күтпестен, елге оралғысы келген. Алайда олар тек 14 мамырда Қазақстанға қайтып келе алды.
«Туристер өз сақтандыруы бойынша дәрігерлерді шақыра бастады. Бізде де улану белгілері үдей түскендіктен, дәрігердің көмегіне жүгіндік. Алайда бізді қараған дәрігер еңбекке жарамсыздық парағына тек үшеуімізді жазған. Мүмкін, бұл қонақ үйде уланып қалғандардың нақты санын жасыру үшін жасалған шығар. Дәрігер бізге күзетшімен бірге келіп, артық ештеңе айта алмады. Бәрі қатаң болды», – дейді Асылбек.
Мұхамбеткереевтің айтуынша, қонақ үйдегі соңғы күндері олардың жағдайы айтарлықтай жақсарған. Алайда олар Астанаға қайтып орала салысымен, кенже баласы жан сақтау бөліміне түсіп қалыпты. Ол отандық дәрігерлердің жіті бақылауына алынған.
«Біз біріге отырып моральдық және материалдық шығынды өтеп алу үшін, WhatsApp желісінде топ аштық. Сонымен қатар шетелдегі демалысымыз бұзылғандықтан, кеткен шығынды қайтарып бергендерін қалаймыз», – дейді астаналық тұрғын.
Оқи отырыңыз:
Азаматтық некеде дүниеге келген бала ойнастан туған болып есептеледі
Қазақстанға турист әкелетін екі бағдарлама бар: Димаштың концерті мен біздің шоуымыз – Денис Тен