Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Фестивальдар сарайында өтті. Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. "Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет", — деді ол. "Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.