Ол құтқарушылар келгенге дейін бірнеше сағат бойы басы қысылған күйі қалып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің құтқару қызметіне жексенбі, таңғы сағат 9-да хабар түсті. Жолдан өтіп бара жатқан адамдар қатты жылап жатқан қызды байқаған. Қыз басын балконның ойығынан шығарып, тұрып қалған. Құтқарушылар келгенде оның анасы үйінде болған, бірақ бүлдіршіннің қысылып қалғанын естімеген. Жетінші, сегізінші қабаттағы көршілер үйде болмаған. Құтқарушылар жеті минуттың ішінде көрші подъездің балконы арқылы қызға барған», — деді жеке құтқару қызметінің өкілі Андрей Фридовский. Құтқарушылар қыз қысылып қалған балконның металл торын домкрат арқылы бұзған. «Бүлдіршін қыз қыстырылып қалған басын өзі шығармақшы болған, бірақ шығара алмаған. Ол құлағы қанағанша басын тартқан», — деді құтқару қызметінен. Белгілі болғандай, пәтерде қыз анасымен бірге болған. Әйел қызының балконға шығып кеткенін байқамаған. Қыздың анасы кілті болмағандықтан, құтқарушыларға есікті аша алмады. Осы уақытта жеке құтқару қызметіне қыздың жылаған дауысын естіген көршілері хабарласқан.
Оқи отырыңыз.
Еліміздің бірқатар өңірінде аса қауіпті қылмыскерлер ұсталды- ІІМ