Қарағандыда төртем дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда төртем дүниеге келді

Қарағандыда төртем дүниеге келді

Қарағандыда облыстық перинаталдық орталықтардың бірінде төртем дүниеге келді.

  • 25 Мамыр 2018
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. 

Қарағандылық 32 жастағы Регина Горх төрт баланың анасы атанды. Биыл 4 сәуірде ол үш ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Регина Горх балаларына ерекше есімдер берді: Эмма, Вильгельм, Иоганн, Готлиб. Әйел мен оның балаларын перинаталдық орталықтан әкесі күтіп алды. Дәрігерлердің айтуынша, Регинаның жүктілігі ауыр өткен. Төрт баланы күткендіктен ол 28-аптада перинаталдық орталыққа жеткізілген. Акушер-гинекологтардың арқасында сәбилер анасының құрсағында жатып, қажетті күш пен салмақты жинады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бұл әйелдің алғашқы жүктілігі болғанын айтып өтті. "Сәбилер 4 сәуірде кесір тілігімен дүниеге келді. Балаларды көптен күтті. Біз де қатты уайымдадық. Кез келген неонатаолог бірден төрт баланы аман-есен дүниеге әкелдіре алмайды. Сәбилер уақытына жетпей туылды, салмақтары аз. Ең ірісінің салмағы — 1 келі 890 грамм, сосын 1 келі 760 грамм, үшінші сәби 1 келі 745 грамм, ал төртінші сәби небәрі 1 келі 95 граммен дүниеге келді", — деді Облыстық перинаталдық орталықтың директоры Сәуле Аманбекова. Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің анасы да ұзақ сауықтырудан өткен. Денсаулығы әлсіреген. Бірақ перинаталдық орталықтың дәрігерлері оның денсаулығын толықтай қалпына келтірген.
 

Оқи отырыңыз:

Алдап кетті ме — Сиви Махмуди тағы қандай уәдесінде тұрмады
«Өзі кигісі келмей, Гүлнұрға бере салған ғой»: Қарақаттың сыйлығы жұртқа ұнамай қалды

Лифтідегі би: Алматылық ұры велосипед ұрлаймын деп күлкіге қалды