«Реал» қатарынан үшінші рет чемпиондар Лигасын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Реал» қатарынан үшінші рет чемпиондар Лигасын жеңіп алды

«Реал» қатарынан үшінші рет чемпиондар Лигасын жеңіп алды

Мадридтік «Реал» клубы қатарынан үшінші рет чемпиондар Лигасында жеңімпаз атанды.

  • 27 Мамыр 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Киевте өткен турнир финалында «Реал» ағылшын клубы «Ливерпульден» 3:1 есебімен басым түстін.

Алғашқы таймда екі команда да есеп аша алмады. Ойынның 51-минутында «Ливерпуль» қақпашысы Лорис Кариустың қателігінен соң Кәрім Бензема алғашқы гол авторы атанды. 54-минутта ағылшын клубы сапындағы Сидио Мане мадридтіктерге жауап қайтарып, есеп теңестіріп үлгерді.

Матчтың 63-минутында Гарет Бейл «Ливерпуль» қақпасына кезекті голды соғып, «Реалды» алға шығарды. Футболшы ойынның 83-минутында екінші голын соғып, дубль авторы атанды.


Еске сала кетсек, «Реал» өз тарихында осымен 13-рет және соңғы үш жылда қатарынан чемпиондар Лигасында жеңіске жетіп отыр.