Футболшы Рамазан айында 40 адамның қарызын төлеп, түрмеден шығарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболшы Рамазан айында 40 адамның қарызын төлеп, түрмеден шығарып алды

Футболшы Рамазан айында 40 адамның қарызын төлеп, түрмеден шығарып алды

Ол қайырымдылық шарасын мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жасаған.

  • 28 Мамыр 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Ұлыбританиялық "Лестер" футбол клубының нигериялық шабуылшысы Ахмед Муса Кано қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан 40 нигериялықты босатты, — деп хабарлайды Sportinglife.ng.

Футболшыға кей адамдардың қарызын өтей алмағандықтан, түрмеге қамалғаны жайлы хабар жеткен. Соның нәтижесінде ойыншы сотталушылардың қарызын өтеп беруді және кәмелет жасына толмаған төрт баланың айыппұлын төлеген.

Ол қайырымдылық шарасын мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жасаған.

Футболшының сотталушыларды абақтыдан босату туралы құжатқа қол қойып жатқан сәтінде түсірілген сурет оның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жанкүйерлер оның бұл әрекетін қолдап, Муса үшін жалбарынатынын айтып, Ресейде өтетін әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетуін тіледі.

"Спорт-Экспресс" мәліметінше, Муса Нигерияда бұрыннан қайырымдылықпен айналысумен танымал болған. Көбіне ол елдің әр қаласында аз қамтылған отбасыларға азық түлік пен қаражат тарататын.

Мұсаның Хоторо деген жерде спорт орталығы бар. Онда тек жаттығулар емес, қайырымдылық футбол турнирлері мен басқа да шаралар өткізіледі. Мысалы, онда аспаз сабақтары өтеді. Сондай-ақ ойыншы жүрегі ауыратын нигериялық балаларға көмектесетін Healing Little Hearts қорына қолдау білдіреді.

"Нигериядағы адамдардың маған деген ықылысы жақсы, сол себепті мен оларға қарымтасын қайтаруды жөн көрдім. Мен Нигерияға қайтып келгенде, балаларды жаттықтырып, бақытқа кенелемін", — деді Муса сұхбаттарының бірінде.

 

Оқи отырыңыз:

Мақпал апай! Домбыраны қойып, молда болыңыз: Дауыстап құран оқыған Мақпал Жүнісова сынға қалды

Ашаршылықта қырылған қазақтарға қатысты беймәлім деректер анықталды

Күнәсіз емеспіз: Шоу-бизнес жұлдыздары не үшін ораза ұстайтындарын айтты

 

Соңғы жаңалықтар