«2 маусым сағат кешкі 21.00-дер шамасында 1987 жылы дүниеге келген такси жүргізушісі Ч.К. «Равон-3» маркалы көлігімен батысқа қарай бара жатып Шоқтал ауылына таяу жерде жолдан шығып кетіп, жол шетіндегі кедергіге соғылған. Салдарынан 38 жасар Бішкек тұрғыны С.Р. Шолпан-Ата клиникасына жеткізілген. Екінші жолаушы — Шу облысының тұрғыны С.М. алған ауыр жарақаттардың кесірінен оқиға орнында көз жұмған. Таксидің жүргізушісі ота жасауға Бішкек қаласындағы №4 қалалық ауруханаға жеткізілді», — деп жазады Азаттықтың қырғыз редакциясы.
Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді, тергеу амалдары басталып кетті. Кейбір деректер бойынша, қаза тапқан Сәния Мәмбеталиева (Шәкірова) — 2018 жылы Вьетнамда өткен «Miss Universe Beauty» арулар байқауында «Missis World-2018» аталымы бойынша жеңімпаз атанған.