Сұмдық көрініс! Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінде ауызашарға талонсыз кірген кейуананы жұлқылап сыртқа шығарды - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұмдық көрініс! Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінде ауызашарға талонсыз кірген кейуананы жұлқылап сыртқа шығарды - журналист

Сұмдық көрініс! Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінде ауызашарға талонсыз кірген кейуананы жұлқылап сыртқа шығарды - журналист

Астанада қаласындағы Хазрет Сұлтан мешітінде ауызашар кезінде сұмдық жағдай орын алды. 

  • 4 Маусым 2018
  • 563
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы тележурналист Асаубек Айымбетов желідегеі парақшасында жазды

"Жазайын ба, жазбайын ба ұзақ ойландым. Бұл көрініс көз алдымнан кетпей, жүрегіме қадалып қалды. Осы жұма күні әріптесім екеуміз Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітіне бардық ауызашарға. Қазір Алла үйіндегі ауызашарға талонмен өткізеді екен. Кірдік. Әріптесім қыз болғандықтан, әйелдер залына кірдік. Көз жүгіртіп өттім. Ерлер мен әйелдер араласып отырған үстелдер де бар екен. Мұның алдында жаңағы әріптесім кіл ерлердің ортасында, менің қасымда отырған еді. Хош, сонымен ауызашар басталды. Хиджаб киген қыз келді де: "Мен ер адаммен бір үстелде ас ішпеймін", деп мінезін көрсете бастады. Әкімгерді шақырып, ол азамат мені өзге үстелге ауыстыратын болды. Сол сәтте өте ыңғайсыз көрініске тап болдым. Талонсыз, шақырусыз келген қазақ әжей үстел басында ас ішіп отырған жерінен, оны админстратор жұлқылай бастады. "Шығыңыз, ереже бар, талап бар", деп самайын ақ шалған кейуананы көптің көзінше масқаралай бастады. Тіпті күзетшілерді шақырды. Менің көзім атыздай болды. Қасиетті Рамазан айында, мейірім мен тазалық мекені мешітте осындай жағдай болады деп ойламаппын. Алланың үйінде айқай шығып, жұпыны киінген міскін әжейді жұлқылайды деп кім ойлаған? Бұл мәселені өзгеше шешуге болмас па еді? Ұяттан бұрын, бұл сұмдық көрініс! Кәсіпкерлердің қаражатына жасалып отырған ауызашарда жағдайы жоқ кейуананы сыртқа қуу қай шариғатта көрсетілген? Менен мешіт қызметкерлері кешірім сұрады! Мені қойшы, ана әжейден ешкім кешірім сұрамады-ау деп әлі ұйқым төрт бөлініп жүр! Алла үйіндегі оқиға мен үшін #ШОК! Астана дүлей дауыл мен толассыз жаңбыр ордасына айналмай қайтеді, ел тілегі мен үміті жанған Алла үйінде әлгіндей оқиғалар болып жатқанда! Мені мешіт қызметкерлері кері шақырғанда, кірмедім. Үйге тарттым тіке. Мұндай жерде отырғанша, үйден ас ішкенім 10 есе артық. Әжей іште қалды. Әрі қарайғы тағдыры маған беймәлім. Сол күні мен жарытып ас ішпедім. Әріптесім куә" ,дейді журналист.