Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың менингитке қатысты айтқан сынына жауап берді.

  • 5 Маусым 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

Мұның алдында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менигитке қатысты профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр деген болатын. "Сіз бұл жағдайды тоқтатуға қатысты барлық талаптың орындалғанын естідіңіз. Бізбен бірге мамандар жұмыс істеп жатыр, олар біздің жұмысты толық атқарып жатқанымызға баға беріп жатыр. Барлық үш кезең бойынша. Біріншісі — ауру ошағын және дерт жұқтырғандармен байланысты болғандарды анықтап, оларға дәрігерлердің бақылауымен антибиотикалық алдын алу жұмыстарын жүргізу. Екінші — диагностика. Үшінші — білікті ем жүргізу. Бұл үш негізгі талап толық орындалып жатыр. Біз үнемі тұрғындармен кездесу өткізіп жатқанымызды көріп отырсыз", — дейді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен брифинг кезінде. Ол мұндай жұмыстар аймақтарда да жүргізіліп жатқанын атап өтті. 4 маусымда Талдықорғанда 17 жастағы жігіт менингиттен қайтыс болғаны хабарланды. Бұл ақпаратты Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті растады. Ал Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингитке байланысты Қазақстанда карантин жарияланбайтынын мәлімдеген болатын. "Біз менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (…) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз", — деді Біртанов.