Қадір түнін күзету дегеніміз таң атқанша көз ілмей отыру ғана деп түсіну — үлкен қателік. Түні бойы мешітте өткізу де шарт емес. Сондықтан отбасыңызбен бірге қарсы алып, шын ықыласпен тек Аллаға құлшылық жасап өткізудің еш әбестігі жоқ.
Себебі, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Кім Қадір түнін Алланың сауабына иман келтірген және үміт еткен күйде намаз оқып өткізсе, онда оның алдыңғы күнәлары кешіріледі», — деген. (Бұхари, Муслим)