Қазақстанда ресейлік құс фабрикасы өнімдерінен шошқа ДНК-сы табылған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ресейлік құс фабрикасы өнімдерінен шошқа ДНК-сы табылған

Қазақстанда ресейлік құс фабрикасы өнімдерінен шошқа ДНК-сы табылған

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейдің бірқатар компанияларының өнімдерін импорттауға тыйым салды. Министрлік сайтында талаптардың бұзылуына байланысты шара қолданды делінген. Алайда бұған жауап ретінде Ресей де қазақстандық сүт өнімдеріне шектеу қоймақ.

  • 11 Маусым 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz

Ресейдің «Брянский бройлер», «Инжавинская птицефабрика», «Приосколье» және «Чебаркульская птица» деп аталатын құс фабрикаларының өнімдерінен колиформ бактериясын (бұл бактериялар ішекте кездесетін құрт таяқшасы тобын туғызады) тапқан.

Ресейдің сонымен бірге шұжық шығаратын «Царицыно» компаниясына да тыйым салынған. Мәліметке қарағанда, құс етінен жасалған шұжықтың құрамынан шошқаның ДНК-сы табылған.

Бұл заң бұзушылықтарды дереу жою үшін Ресейдің тиісті органдарына ресми хат жазылды деп атап өткен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алайда Мәскеуден бұған жауап ретінде Қазақстанның үш кәсіпорынның сүт өнімдерін импорттауға шектеу қойылады деген хабарлама алған. Россельхознадзор 1 шілдеден бастап қазақстандық «Тайынша-Астық», «Деп» және «Сүт өнімдері» компаниясының өнімдеріне тыйым салуға мәжбүрміз деп мәлімдеген. Мәскеу оның себебін импорттауда алаяқтық орын алған-мыс деп түсіндірген.


Ресей мен Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Мұндағы мақсат еркін тауар айналымын жүргізетін ортақ нарық қалыптастыру.