Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Шарасыз күйде қалған тұрғындар Қапшағай қалалық әкімдігіне барып, жергілікті биліктен көмек сұрады. Ал шаһар басшысы Талғат Қайнарбековтің сөзінше, бұл казиноның 4 құрылтайшысы бар. «Сол құрылтайшылардың арасында ауызбіршілік жоқ. Сондай-ақ еңбекақыларын ала алмай жүрген жандардың көбісінің аталған мекемемен келісімшарттары жоқ», — деді Т. Қайнарбеков. Енді бұл мәселеге қала билігі мен прокуратура қызметкерлері араласады.