Алматыда қазір 8 науқас менингококк инфекциясымен ауруханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қазір 8 науқас менингококк инфекциясымен ауруханада жатыр

Алматыда қазір 8 науқас менингококк инфекциясымен ауруханада жатыр

Алматыда қазір сегіз науқас менингококк инфекциясымен ауруханада жатыр. Олар жазылып келе жатыр, деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

  • 13 Маусым 2018
  • 71
Фото - Caravan.kz

Науқастармен байланыста болған 3 148 адам тексерілді. Олардың барлығына алдын ала сақтандыру емі жасалған.

"Жансақтау бөлімінде науқас қалмады" делінген мекеме мәлімдемесінде. Басқарма ақпаратына қарағанда, сегіз күн бойы Алматыда менингококк инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Жыл басынан бері Қазақстанда менингит жұқтырған 60 адам тіркелді. Олардың 13-і көз жұмды. Алматы мен Алматы облысында 10 адам, Оңтүстік Қазақстанда — екі, Қызылордада бір адам менингиттен қайтыс болды.

Оқи отырыңыз:

"Соңғы күндері өмірімде жағымсыз да көңіл қаларлықтай, жанға ауыр тиетіндей жағдайлар болды" — Гүлнұр Оразымбетова


Зағипа Балиева қызметінен босауына қатысты пікір білдірді

"Өтірікші, алаяққа мен де шынайы өмірде тап болғанмын, бәрі артта қалды" — Ерке Есмахан