Қарғыс атқан үй: Павлодардағы тұрғын үйге адамдар құлап өлу үшін келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарғыс атқан үй: Павлодардағы тұрғын үйге адамдар құлап өлу үшін келеді

Қарғыс атқан үй: Павлодардағы тұрғын үйге адамдар құлап өлу үшін келеді

Осымен тоғызыншы адам биіктен құлап өлген.

  • 14 Маусым 2018
  • 279
Фото - Caravan.kz

Павлодарда 31 жастағы ер адам Кутузов көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің 14-қабатынан құлады. Оның денесін өтіп бара жатқан жолаушылар тауып алып, жедел жәрдем шақырған, алған жарақатынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған, деп хабарлайды Today.kz. Бірақ сол үйдің тұрғындары үшін суицид сөзі таңсық емес. Өйткені…

Жергілікті тұрғын Нелля Геннадийқызының сөзінше, осы үйде үш жыл тұрғанда екі суицидті естіпті. Әр адам әр қабаттан өз өміріне балта шапқан. Үйдің құрылысы сондай, баспалдаққа балкон арқылы ғана көтерілуге болады. Тұрғындардың өздері лифтті қолданады, бірақ баспалдақты жауып тастай алмайды, өйткені өрт тұтанған жағдайда баспалдақ керек. Осы себептен ғана өмірден түңілген жандар осы жерден о дүниеге аттануды көздейтін болуы керек… 

"Өте жағымсыз, қарғыс атқан үй сияқты. Басқа еш жерде… Білмеймін. Биік болған соң 100 пайыз өлетінің анық, содан шығар. 

Қайтыс болғандардың бәрі бұл үйдің тұрғындары емес 

Естігенім – бір бойжеткен секіріп кеткен, басқа да өткен-кеткендер бар. Бір әйел, келесі күні оның туысқаны", – деді Нелля. 

Бұл үйдің баспалдағының өзі біртүрлі қорқынышты. Әртүрлі жазбалар қалдырылған. Кейбіреуі кешірім сұрайды, кейбіреуі емтиханды жақсы тапсырсам екен деп тілейді. 

Кейбір жазулар өлімге бірнеше минут қалғанда жазылған болуы мүмкін. Осы жерде тұрудың өзі үрейлі. 


Павлодар облысы ІІД мен денсаулық сақтау басқармасы осы үйде қанша адам өзіне қол жұмсағанын дөп басып айтып бере алмады, ал жергілікті тұрғын Наталья соңғы рет тоғызыншы адамның о дүниеге аттанғанын айтып қалды. Дәл осындай көрші екі үйден де адамдар о дүниеге аттанып кете барады екен. Әйелдің сөзінше, өзін өлімге қиған бір адам өтіп бара жатқан жігіттің үстіне құлаған. 

"Есептесек, бұл – тоғызыншы оқиға. 16 қабаттық екі көрші үйде сегіз-сегіз адамнан секірген. Есеп аштық. Бұл басынан бастап жүріп келе жатқан емес. Үйге адамдар 1998 жылдың қарашасында қоныстанған. Оларға мына жер ыңғайлы, өйткені үйге кіру оңай, адамдар көп жүреді", – деді Наталья. 

Павлодар облысы тұрғындарға психологиялық көмек көрсету қызметінің басшысы Светлана Столяревская басын өлімге тіккен адамдар бұл жерге оңай кіре алатыны үшін келеді екен. 

"16 қабаттық тұрғын үйдердің балкондары ашық. Кіргізбей қою керек деп қанша рет айттық. Пәтер иелерінің кооперативі немесе әкімдік қандай да бір жолмен адамның кіруіне шектеу қоюы тиіс, өйткені адам ашық түрде шығып, бірдеңе жасай алады. Басқаша болмайды. Оңай қолжетімді. Бізде шатырдан құлап жатады. Бұл ашық жер. Бұл жақта балкон көп, қайсысын таңдаймын десе де, өз еркі", – деді ол. 

Биіктіктен құлау – соңы өліммен аяқталатын үш тәсілдің біреуі. Статистика бойынша, Павлодар облысында бір жылдың ішінде 20 адам биіктіктен құлап өледі екен.